«Шымкент-цирк» оркестрі «Алтын құрмет» кітабына енді

69

Шымкент-цирк оркестрі Ресейде өткен халықаралық деңгейдегі үрмелі және соқпалы аспаптар оркестрлерінің конкурсында 1-дәрежелі жеңімпаз атанды. Қашықтықтан ұйымдастырылған байқауға оркестр солисі Д.Хашимханованың орындауындағы халық әні «Қамажайға» жазылған парафраз композициясы мен американдық композитор У.Херстың «Мен осылай істедім» (Deed I do) әні ұсынылған болатын.

 Джаз, брасс-квинтеттер, диксиленд топтарының, эстрадалық-симфониялық оркестрлердің өнерлерін сарапқа салған музыка корифейлерін шымкенттік шығармашыл топ әмбебаптығымен, стандартты оркестрге домбыра, қобыз үнін ұтымды пайдалануымен, керемет гармониялық үйлесіммен, ырғақ алуандығымен, вокал біліктілігімен тәнті етті.
Осылайша жергілікті өнер тобы бүкіләлемдік музыкалық Қауымдастықтың “Алтын Кұрмет” кітабына енді.