Қаланың қақ ортасында мал сою бекеттерін ұйымдастырғандар сотқа шақыртылды

517

Республикалық мәртебе алған Шымкент қаласының көшелерін мал сою бекетіне айналдырған кәсіпкерлердің ісі енді Азаматық сотта қаралатын болды.

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы осындағы үш үйдің иелеріне 50 және 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салғаны жайында бұған дейін айтқан болатынбыз.

Оған құлақ аспағандықтан мал сою орындарын жабу туралы құжаттарын сотқа тапсырыпты. Ветеринарлардың айтуынша бұдан бөлек осы Мәделі қожа және М.Х. Дулати көшелеріндегі мал союды кәсіп еткен және 7 кәсіпкерге ескерту беріліпті.

Нұрлан Күдерұлы