Қазақстандықтар осы жылдың 11 айының ішінде жеңіл автокөлік сатып алуға 493,3 млрд теңге жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда, 33 пайызға артық. Жалпы, биылғы жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында Қазақстанда 55 162 көлік сатылған.
«Жеңіл автокөліктердің орташа бағасы 8,7 млн теңгені көрсетіп отыр. Импорттық автокөліктердің бағасы 22,2 пайызға өсіп, орташа есеппен 12,1 млн теңгені көрсетсе, отанды автокөліктер 12,8 пайыз қымбаттаумен 5,3 млн теңге деңгейінде», — делінген хабарламада.
Хабарланып отырғанындай, жаңа автокөліктердің қымбаттап кетуіне теңгенің биылғы әлсіреуі себеп болған. Ұлттық валют арзандағаннан кейін импортпен жұмыс істейтін қазақстандық диллерлер бағаларды қайта қарастырған.
«Қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша, көлік мінген қазақстандықтардың төрттен бірі 3-5 млн теңге аралығында көлікті сатып алған. 20,3 пайызы 5-7 млн аралығындағы көліктерді тізгіндеген. Тағы 20 пайыздан астамына 7-11 млн теңге аралығында көлікті тізгіндеу мүмкіндігі бұйырды», — деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметінен.
Көлік сатылымы жағынан көш басында Lada (12 061 авто, 2017 жылдың сәйкес кезеңінен қарағанда +56,1 пайызға артық) тұр. Toyota (11 215, +34,6 пайыз) екінші орында. Маркалардың үшінші орынды Hyundai (7 626, + 134,4 пайыз) түйіндейді.