Қоршаған ортаны ластаған қоғамдық көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

334

Қоршаған ортаны ластағаны үшін жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 8 қоғамдық көлік жүргізушілері жауапқа тартылды. 3-9 желтоқсан аралығында Шымкент қалалық полиция департаментінің ұйымдастыруымен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлікте апаттылықтың алдын алу және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты жол қозғалысы ережелеріндегі құқық бұзушылықтарды алдын алуға, автобустарды пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Сондай-ақ, қоғамдық көліктерден шығарылған қалдықтарда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кетпеуін, қазіргі таңда қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін азайтуға бағытталған жұмыстар іске асырылып, тиісті хаттамалар толтырылды. Ұдайы өткізілетін іс-шара оң нәтижелерін беруде. Іс-шара барысында жалпы 571 құқықбұзушылық анықталды»-деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.