Алтын той иелері жастарға бақыт тіледі

508

Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ қызметінде некелесуші жастар А.Ергеш пен А.Шмадияр, Ғ.Қамбаров пен А.Мусатайға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында салтанатты түрдегі неке қию куәлігі табыс етілді.

«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю — отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Сонымен қатар аталған іс-шараға, шаңырақ көтергендеріне 50 жыл болған аудандағы үлгілі, тәрбиелі отбасы бола білген ата-апалар қатысып, жаңадан шаңырақ көтерген жас обасыларға өздерінің тәрбиелік сөздерін айтып баталарын берді. Адамгершілік құндылықтар мен берік отбасылық дәстүрлерді жалғастырып келе жатқан ата-апаларымыз 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерексі қарсаңында, Келес ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі