Сайрам ауданында тәртіп сақшылары компьютер техникаларының және автокөлік ұрлығымен айналысқан Шымкент қаласының тұрғындарынан құралған қылмыстық топтың әрекетінің алдын алды. Полицейлер қылмыстық топтың екі мүшесін ағымдағы жылдың қарашасында ұстады, ал қалған екеуін Алматы қаласында және Сайрам ауданына қолға түсірді.
2018 жылдың күзінде Сайрам АПБ-ға ойынхана иесі арызданып, белгісіз адамдар 9 компьютерін ұрлағанын баяндады. Ал, бір аптадан кейін оқу бөлмесінен 7 ноутбуктың ұрланғаны жөнінде мектеп директоры шағымданды. Аталмыш жайт СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркеуге алынды.
Аталған қылмыстарды ашуға Сайрам АПБ-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды және ұрлықты ашуға бағытталған тиісті іс-шаралар ұйымдастырылды. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 4 күдіктіні қолға түсірді, оның біреуін Алматы қаласында, біреуін Сайрам ауданында, ал қалғанын Шымкент қаласында ұстады. Олар Шымкент қаласының тұрғындары екені анықталды, оның біреуі бұрын сотты болған. Сондай-ақ, ұрланған зат сатушысы, Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды.
Қазіргі таңда полицейлермен қылмыстық топтың бөтеннің мүлкін және автокөліктерді ұрлаудың 20 жайтына қатыстылығы анықталуда. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 10 миллион теңгеден аса қаржыны құрады.
Аталған жайт негізінде, ҚР ҚК-нің 188 — Ұрлық және 200 — Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу бабтары бойынша тіркеуге алынды. Күдіктілер тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктілердің бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша басқа да қылмыстарға қатыстылығын жоққа шығармайды.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтан сақтану үшін үшін офистер мен бөлмелеріне бейнекамералар және дабылқаққыштар орнатып, терезелерін темір тормен бекітіп, ал автокөліктеріне дыбыстық сигнализация қоюды ескертеді.
ТО ПД Баспасөз қызметі