Демеушілердің арқасында жаңа жылдық шараға бюджеттен бір тиын да жұмсалған жоқ

722
Абай ауданында Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті

2019 жылдың құрметіне Шымкентте мерекелік шаралар жалғасуда. Жаңа жылдық шыршаға Абай ауданының кішкентай бүлдіршіндері, жалпы 200-ден астам бала арнайы шақырту алыпты.

Салтанатты шарада ұл-қыздар сүйікті ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айналып ойнады. Өлең айтып, би биледі. Аяз ата мен қарша қызды қоршаған балақайлар құрдастарымен қауышуға мүмкіндік алды. Көтеріңкі көңіл күйге мүмкіндігі шектеулі балалар да кенелді. Олардың ата-аналары қамқорлық көрсеткен әкімдік, ардагерлер кеңесінің ұжымы мен нұротандықтарға алғыстарын білдіріп, жиналған қауымды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Сабира, Көкбұлақ ауылының тұрғыны

Сабира, Көкбұлақ  ауылының  тұрғыны: «Мен Бақытжанның анасымын. Өздігінен жүре алмайды. Келер жылы беске толады. Үйден көп шықпайды. Ал мынадай мерекелер керемет тарту болды. Өзі сияқты балаларды көріп қуанып жатыр. Үлкен рахмет сіздерге».

Мерекелік шараға аз қамтылған отбасылар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер қатысты. Жаңа жыл шыршасына ерекше костюмде келген балалар атап өтілді. Оларға шағын сыйлықтар табыс етілді.

Ұйымдастырушылар әрбір балаға тәттілер үлестіріп, көңілдерін көтерді. Мерекеге келген балалардың қауіпсіздігін қамту мақсатында өрт сөндіру және жедел медициналық қызмет көрсету қызметі кезекшілікте болды. Өйткені біздің байлығымыз өскелең ұрпақ.

Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі

Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі: «Бұл реттік шара емес, жылдың басынан қолдау көрсетіп келеміз. Демеушілеріміз аудандағы кәсіпорындар мен мекемелердің өкілдері және жомарт азаматтар. Бюджеттен бір де бір тиын жұмсалмады».

Шынар Оразова