Елбасы Шымкенттегі мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін құттықтады

565
Фото Береке Сейітжаппар

Шымкенттегі №4 балалар үйі жаңа жыл мерекесін ерекше атап өтті. Қалабасы Ғабидолла Әбдірахымов балалар үйінің жеткіншектерін арнайы құттықтай келді. Құр қол келмей балғындарға спорттық киімдер сыйлады.

Сайрам тұрғын үй алабындағы балалар үйінде 80 жасөспірім тәрбиеленуде. Мерекелік кешке ерекше дайындалған бүлдіршіндердің тақпақтарын тыңдап, бірге ән шырқады.
Мұнан соң қала әкімі Сайрам көмекші мектеп-интернатына табан тіреді. Онда Ғабидолла Рахматтолаұлы Елбасының мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне жазған құттықтау хатын оқып берді. Балалар Президенттің өздеріне арнап жазған хатын ерекше ықыласпен тыңдады. Кеш соңында қала әкімі аталған мекеме директорына автокөлік кілтін табыстады.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері мен ұжымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа құттықтау хат жазып, қолөнер бұйымдарын жолдаған болатын.