Елу шақты жұмыс беруші Елбасы жолдауына қолдау білдіріп, жалақыны өсірмек

392

Шымкент қаласында жаңа жылдан бастап жұмыскерлердің жалақысын көтеруді көздеп отырған кәсіпорындар саны 52-жетті.

Халыққа кезекті Жолдауын жолдаған Елбасы «Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, 28 мың­нан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тап­сырамын. Әрбір қазақстандық үшін шы­найы көмек болады. Бұл барлық сала­лар­да, барлық меншік формасындағы кәсі­п­о­рындарда жұмыс істейтін 1 млн. 300 мың адамның еңбекақысын көтеруге сеп­тігін тигізеді» деген болатын.

Президент сонымен қатар алдағы уа­қытта ең төменгі жалақы ең төменгі күн­көріс шегіне байланысты болмайтын­ды­ғын айта келе, ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқы­мын­дағы еңбекақы өсімінің катализаторына ай­налатындығын тілге тиек еткен еді.

Осыны ескерген Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері жұмыс берушілермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Соның нәтижесінде Жолдау қойған міндеттерді орындауды көздеген жұмыс берушілер қатары көбейіп отыр.

Осы бағыттағы шараларды мықтап қолға алған мамандар қалада жұмыскерлерінің жалақысын көтеру құлшыныс танытатын ірі және орта кәсіпорындар қатарының артатынына сенімді.

Мақпал Рысбаева