Шымкентте мемлекеттік емханалардың барлығы цифрландыру жүйесі бойынша халыққа медициналық қызмет көрсетеді.
Емханалардағы сандық жүйенің қалай жүзеге асып жатқандығын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Али Көмекбаев бастаған бір топ жұмыс өкілдері көріп қайтты.
Жұмыс тобы қаладағы №3 емханаға арнайы барып, мобильді қосымша, электронды денсаулық куәлігі, электронды кезек сынды қызметтермен танысып, тиімді екендігін атап өтті.
Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру бағыты бойынша жүзе асып жатқан жұмыстарға тоқтала кетсек:
Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласындағы мобильдік қосымшасына 20-60 жас аралығында 138 674 пайдаланушылар тіркелген, интернет пайдаланушылардың 31,9% құрайды (2018 жылғы жоспар: 30%). Бұл ретте аптасына 1500 жуық пайдаланушылар тіркеледі.
«ЦИТ Даму» ЖШС (МИС «КМИС»), «Жарқын Болашақ KZ» ЖШС (МИС «КазМедИнформ») медициналық апараттық жүйелерде мынадай мобильдік косымшалар жұмыс жасайды атап өтсек.
Мобильдік қосымша арқылы :
— 201 676 қабылдауға жазылды;
— 4 683 дәрігерді үйге шақыртылды;
Бүгінгіге 8 882 медициналық қызметкерлер Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне және енгізіліп жатқан медициналық ақпараттық жүйелеріне 100% оқытылған. Қаладағы медициналық ұйымдарда 21 IT-мамандар қызмет етеді.