Этномәдени орталықтардың өкілдері бас қосты

349
Отандық өнімдердің қатары толығуда

Бүгін Халықтар достығы үйіне жиналғандар кәсіпкерлерге жасалған жағдайды сөз етті. Алдымен жергілікті тауар өндірушілердің көрмесін тамашалап, отандық тауарлардың қатары артып жатқанына көз жеткізді.

Наталья Еркова, кәсіпкер: «Біз омарташымыз. Отағасымен бірге кәсіппен айналысқанымызға біраз болды. Өз  күшімізбен  шаруашылығымызды дамытып,  өмір сұріп жатқан жайымыз бар. Үкімет тарапынан қолдау бар. Жұмыс істеймін деген азаматтарға  бүгінде барынша жағдай жасалуда. Түрлі бағдарламалар  бойынша өз ісін ашуға болады».

Этномәдени орталықтардың өкілдері бас қосты

Басқосуда этномәдени орталықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» орындалуын талқылады. «7-20-25» бағдарламасы мен Жолдаудағы тапсырмалар әлеуметтің тұрмысын көтеруге көзделгені айтылды. Барлық жобалар елдің ауызбіршілігінің арқасында жүзеге асып жатқаны сөз болды.

Латифша Асанов, түрік этномәдени орталығының төрағасы: «Экономикамыздың дамуы, еліміздің  өркендеуі тек  ел арасындағы ынтымақ, ауызбіршіліктің арқасында  мүмкін болды. 130  ұлттың өкілдері қоныстанған оңтүстік өңірінің бүгінгі жағдайы  жақсы.  Мүмкіндікті пайдаланып, барлық қазақстандықтарды  мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, береке дәулет тілеймін».

Жиналғандар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын да ұмыт қалдырмады. Егер мемлекет басшысының жазғаны мүлтіксіз жүзеге асса тарихымыз жаңғырып, рухани баийтынымыз анық деп тарқасты.

Шынар Оразова