Бүгін белгілі болғанындай, Ж. Тәшенов көшесінде тіркелген ЖКО-нан зардап шеккен азаматша қайтыс болды. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген әйел есін жимай көз жұмған.
Еске салайық, бұл оқиға желтоқсан айының 16-сынан 17-сіне қарған түні болған. “Мерседес” көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оны көлігімен біраз жерге дейін сүйреп кеткен.
Әйелдің денесі көлікті көтеріп, астында ілініп қалған жерінен шығарылды. Қазір қайғылы жол көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалған.
Ернар Балабеков