Кентаудағы алып зауыт 14 млн теңгенің азық-түлігін халыққа тегін таратып жатыр

463

Кентаулық зауыт тәуелсіздік мерекесіне орай «Жомарт жүрек» қайырымдылық шарасын өткізуде, деп хабарлайды Elitar.

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ кентаулық 500 тұрғынға қайырымдылық жасауды мақсат тұтқан. Оның 250-і балалар үйінің тәрбиеленушілері болса, қалғаны көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелері.

Игі істі жасаушылар әрбір тұрғынға азық-түлік тізімі жазылған сертификаттарды таратып, мейрамханада үлкен ас берді. Кейінірек тұрғындарға сол сертификат арқылы азық-түлік үлестіріліп берілді. Айтпақшы, азық-түлік тарату шарасы алдағы жексенбіге дейін жалғасады.