21 қарашада Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына бағытталған теміржол вагонына қатысты уәкілетті лауазымды тұлғаның күдігі бойынша кедендік жете тексеру тағайындалып, нәтижесінде кедендік декларацияда ұсынылған тауарлардан басқа артық салмағы – 35 229кг., кедендік құны 12 260 710 теңге құрайтын кептірілген өнімдер тауары бойынша құқық бұзушылық анықталған.

Сондай – ақ, 2018 жылдың 11 желтоқсанында яғни кеше, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына бағытталған екі жүк вагонына қатысты тексеру барысында декларацияланбаған яғни, 90 830 кг. құрайтын жеміс дақылдары тауарына құқық бұзушылық анықталды.

Алдын ала есеп бойынша тауардың құны 27 138 870,20 тенге құрады. Қазіргі таңда, жоғарыда аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілік шаралар қолдану жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті