29 қарашада Отырар АПБ-не пошталардың бірінен қатынас хат келіп түскен. Онда мекеменің бір қызметкері үлкен мөлшерде ақшаны заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа бой тасалағанын көрсеткен. Аталған жайт Отырар АПБ-нің СДТБТ-не тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Отырар АПБ-нің қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп, мекеме қызметкерінің жалақыға бөлінген 3 800 000 теңге ақшаны иемденіп, белгісіз бағытқа бой тасалап кеткендігін анықтады.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізу барысында күдікті ретінде Отырар ауданының тұрғыны екені анықталып, ол Тараз қаласынан ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында айғақты зат ретінде ұрланған ақшаның бір бөлігі, яғни 1 миллион теңгесі тәркіленіп алынды. Қалған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Күдікті бас шарасы қолхатта.
Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 189-бабы «бөтеннің мүлкін иемдену» жайты бойынша СДТБТ-не тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметі.