Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтеді

358
shymkenttv.kz

2018 жылдың 7 желтоқсаны күні сағат 15:00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының әкімдігімен бірге мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесін өткізеді.

Жәрмеңке барысында  халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіледі. Іс-шараға қала әкімдігінің басқармалары, көші-қон салаларының уәкілетті өкілдерімен қатар  ХҚКО мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері қатысады.

Өтетін орны: «Шымкент Плаза» сауда орталығы