Мемлекеттік мерекеде мұқтаж жандарға сый-тарту жасалды

507

Шымкентте Тұңғыш Президент күніне орай, қайырымдылық шарасы өтті. Игі жобаны Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен жуырда ғана қызметін бастаған «Ізгілік» әлеуметтік үйі ұйымдастырды.

Ел тарихындағы елеулі мерекенің құрметіне қолға алынған кайырымдылық шараға қос бірдей мекеменің барша маманы жұмылдырылды. Аясында, 25 отбасыға киім-кешек (қыстық және жаздық), азық-түлік таратылды.Басқарма өкілдері мен «Ізгілік» әлеуметтік үйі басшыларының айтуынша, мұқтаж жандарға көмек мұнымен шектелмейді. Алдағы мерекелерде де қолғабыс жасап, қажеттіліктерімен қамтамасыз етпек.

Ал осынау қайырымдылық шарасының шарапатын көрген әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен жалғызбасты аналар өз кезегінде ұйымдастырушыларға ақжарма тілегін жолдап, алғысын жаудыруды ұмытқан жоқ.