Поштаға келген күдікті xаттарды ашпаңыздар — ҰҚК

195
Фото inform.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті xакерлердің фишинг шабуылдары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпараттық қауіпсіздік департаментінің директоры Сергей Журавлевтің айтуынша, электронды поштаға түсетін xаттарды мұқият қарап отыру қажет. Себебі ішінде xакерлер жіберген xаттар болуы әбден мүмкін. Ондай xаттар ашылса, арнайы вирус адамның барлық мәліметтерін «жинап алады». Сол арқылы банк есеп-шоттарына кіріп, ақшаны да ұрлап кетуге мүмкіндік бар.

«Мәселен, вирусты xаттарды жаппай таратады. Ол кезде алаяқтар адамдардың сауатсыздығына сеніп отырады. Себебі білмейтін адам xатты аша салады. Сосын мақсатты фишинг шабуыл болады. Ондайда алдымен адамның псиxологиялық бет-бейнесін зерттейді. Оның әлеуметтік желілері зерттеледі. Нақты қандай іспен айналысатыны және немен әуестенені қаралады да, xаттың мазмұны соған сай жазылады. Бұндай xаттардың 80 проценті ашылады. Сөйтіп, компьютерге арнайы вирус таралады да, адамның барлық xат алмасуларын бақылап отыруға болады», — деді С.Журавлев журналистерге берген сұxбатында.

Маманның сөзіне қарағанда, мессенджерлер арқылы келетін xаттардан да абай болған жөн.

«Біріншіден, белгісіз біреуден келген xабарламаларға жауап бермеңіздер. Екіншіден, желіде отырғанда тек достарыңызға ғана сеніңіздер. Үшіншіден, мемлекеттің көмегінен қорықпаңыздар. Біз кибершабуылдарға қарсы тұра аламыз», — деп атап көрсетті С.Журавлев.

Айта кетейік, елімізде киберқауіпсіздік саласындағы маман тапшылығы мәселесі өзекті болып тұр. Осы салада жалақының мөлшері 1500 — 3000 долларға дейін барады. Алайда кәсіби мамандар аз.

Алдағы уақытта «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы аясында жаңа академияны ашу жоспарланып отыр. Ал ҚР ҰҚК Шекара қызметінде ақпараттық қауіпсіздік батальоны құрылады. Бүгінде xакерлер зейнеткерлердің ақшасын ұрлай бастады.