Мәселе діни ұйымдарының халық және мемлекет алдындағы ашықтығында. Бұл қазіргі уақыттың талабы — заңға осындай өзгертулерді енгізу қажет деп санаймын. Діни ұйымдар қаржы тазалығын өздерінен бастау қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіттерінде электронды садақа қабылдау терминалдарын енгізу үрдісі қолға алынуда.
Ендігі ең маңызды проблема – бұл жүйенің халық тарапынан қолдауы. Әлі де терминалдарды пайдаланатын адамдар аз, сондықтан олардың болашағы айқын емес.
Қазіргі дүниежүзілік цифрландыру кезенінде осы жүйеге халықтың сенімін арттыру қажет.
Ең жақсысы, бұл жүйе бойынша мешіт қызметкерлері қаржылық істерге араласпайды. Терминалға түскен қаржы тікелей мешіттің банктік есеп-шотына салынады.
Садақа берушілерге ыңғайлы болуы үшін терминалдың басты экранына «Садақа» логотипі қойылған.
Қазіргі таңда еліміздегі Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы орталық мешіттергі 2-3 данадан «QIWI» терминалдары орнатылды.
Аталмыш жүйенің тиімділігі – кез — келген жерде, кез — келген терминал арқылы ҚМДБ-ға арнап садақа салуға болады. ҚМДБ мұндай садақа терминалдарын барлық облыстардағы орталық мешіттер мен қалалық, аудандық мешіттерге орнатуды жоспарлауда.
Ғалым Шойкиннің facebook парақшасынан алынды