Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің, 6 тарауында, салықтарды және төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуі тәртібі көзделген.
Салықтық міндеттемені орындалу мерзімін өзгертуі салықтардың және
төлемақылардың сомаларын кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге (бір мезгілде төлеу) және үш жылдан аспайтын мерзімде (тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлеу) беріледі.
Салықтық міндеттемені орындалу мерзімін өзгерту салық төлеушінің немесе үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою және (немесе) банк кепілдігі және салық төлеушінің мекен-жайы бойынша тіркелген салық органына өтінішпен төлеу кестесін тапсыру арқылы жүргізіледі.
Сонымен қатар, ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» Заңың 2-1 тарауында сот шешімі негізінде, төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану көзделген.
Бұл ретте, 2018 жылдың 10 ай мерзімінде, 3 салық төлеушінің 534 млн.тг. салығы бойынша салықтық міндеттемені орындалу мерзімін алты айға кейінге қалдырылып, желтоқсан айына дейін 2 салық төлеушімен 454 млн.тг. құрайтын салық міндеттемелерін толығымен орындады.
Сол сияқты, 3 салық төлеушілермен 129 млн.тг. салығы бойынша төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану арқылы, 64 млн.тг.құрайтын салық міндеттемелерін орындап, қалған сомалары бойынша төлеу кестесіне сәйкес төлеуде.
Ал, салықтық міндеттемені орындалу мерзімін үш жылға бөліп төлеу рәсімін қолданған 1 салық төлеушінің 57 млн.тг. салығы бойынша, желтоқсан айына дейін 5 млн.тг. төленіп, қалған сомалары бойынша төлеу кестесіне сәйкес төлеуде.
Аталған заңнамалық актілерінде, кәсіпкерлерге салықтық міндеттемелерін орындау барысында қаржылық қиынжылықтардан өтуге толықтай мүмкіншілік қаралған.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті