Салықтарын төлемегендерге қатаң шара қолданылуда

401

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  прокуратура, сот орындаушылар және жол полициясы өкілдерімен бірлесе атқарып жатқан рейдтік іс-шаралар нәтижесінде, Шымкент қаласы тұрғынының Lexus-470 маркалы автокөлігі 343 517 теңге салық берешегі үшін айыптұраққа қойылды.

Қатаң шара нәтижесінде, азамат салықтық берешегін өсімпұлымен қоса толығымен өтеді.

Сол сияқты, салықшылардың «құрығына» түскен ірі көлемдегі берешегі бар  Toyota Land Cruiser 100 автокөлігінің иесі сүйікті көлігінен айрылып қалмау үшін, бірнеше жылдан бері төленбеген 1 998 162 теңге салық берешегін өз еркімен өтеді.
Рейдтік іс-шаралар барысында 13,6 млн. теңгеге 800-ден астам хабарламалар таратылып, 324 салық төлеушіден 4,7 млн. теңге өндірілді. Берешегі бар салық төлеушілердің 8 қымбат автокөлігі  айыппұл тұраққа қойылды.

Сонымен қатар, салық қызметкерлері берешегі бар салық төлеушілердің мекен-жайы бойынша аралап, 5 күн ішінде 47 борышкерден 7,7 млн. теңге өндіріп алды.
Осындай жұмыстар салықшылармен шаһарымызда жалғасын табуда.

Шымкент қаласы бойынша МКД