Шымкент қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңесінің алғашқы отырысы өтті

617

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес отырысында қалалық Ассамблея жанындағы құрылымдардың құрамы бекітіліп, алда атқарылатын жұмыстар нақтыланды.

Шымкент қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясының хатшылығы биылғы жылдың ортасында құрылған. Этномәдени орталықтары өкілдерінен жасақталған жаңа құрылым шаһар аумағында жалпы ұлттық бірлік қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда елеулі жетістіктерге жеткені мәжілісте баяндалды. Басты құндылық 100-ден аса ұлт өкілдері қоныстанған шаһардағы ауызбіршілік пен ынтымақтастық.

Ғабидолла Абдірахымов, қала әкімі: «ШаҺарымызда орын алатын жаңашылдықтар, даму тек ынтымақтастығымыз жарасқан кезде ғана жүзеге асады. Сондықтан да теңдесі жоқ біздің еліміздегі, оның ішінде Шымкентте қоныстанған 130 — дан астам ұлт өкілдерінің достығын сақтап, оның берік болуына ықпал жасауымыз керек. Барлық бастамалардың басында этномәдени орталықтардың өкілдері. Солай болуы керек. Өйткені біздің басты байлығымыз ауызбіршілігіміз».

Алғашқы кеңес отырысында ассамблея төрағасы үшінші орынбасарын, өзбек ұлтынан тағайындауға ұсыныс жасады. Биыл Өзбекстан жылы елімізде дүркіреп өтті, ал келер жылы көрші ел Қазақстан жылын атап өтетіні айтылды. Дәл осындай үрдісті кез-келген елмен жалғастырып, байланысты баянды етудің жолы талқыланды.

Ғабидолла Абдірахымов, қала әкімі: «Келер жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы өткізіледі. 2019 жылды Елбасымыз жастар жылы деп белгіледі. Сондықтан да осы айтулы даталарды ерекше өткізуді ойластырайық. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдение астанасы ретінде қонақтарды қабылдайды. Салтанатты шара аясында Біз Татарстандағы ағайындарымызбен қосылып Шымкентте «Сабантуй» тойын дүркіретіп өткізейік. Бұл шара арқылы біз достығымызды әлемге паш етеміз. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореямен де достық қарым қатынасымыз нығая түспек. Кореялық компаниялар Шымкентте «Шымкентсити» қалашығын салады. Тағы бір жағымды жаңалық Шымкенттен Сеулге әуежай бағыты ашылады».

Өткен жылды қорытып, келер жылға жоспар түзілген жиын соңында белсенділер марапатталды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтауға үлес қосқан азаматтардың мерейі үстем болды.

Айдар Досболов, кәсіпкер, меценат  » Жомарт жан» белгісімен марапатталды
Арзу Гурбанова «Бірлік» алтын медалімен марапатталды
Орынбай Рахманбердиев, «Бірлік» алтын медалімен марапатталды