Шымкент қалалық тұрғын үй инспекциясы қоныс аударды

591

Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы Республика даңғылы, 12А мекенжайы бойынша 9 қабатты жаңа ғимаратқа көшті. Басқармада тұрғын үй мәселелері бойынша төрт бөлім жұмыс істейді.

Басқарма ғимараттың 2-3-ші қабатында орналасқан. Халыққа жылдам, әрі сапалы түрде мемлекеттік қызметтер көрсету, кеңес беру және қолайлы жағдай жасау үшін басқарма жаңа форматта жұмыс істеуге көшті.

Яғни, тұрғын үй мәселесімен келген азаматтардың барлығы екінші, үшінші қабаттарға көтерілмей-ақ, бірінші қабатта ашылған арнайы бұрыштың және кеңес беретін мамандардың көмегіне жүгіне алады. Бұл бұрышта азаматтарға тұрғын үй мәселесі бойынша алғашқы кеңес беріледі. Бұл өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да қолайлы.