ҚР Тұңғыш Президенті күнін полицейлер де айрықша атап өтті. Мерекелік шара мегаполистегі ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының ғимаратында ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында білім ордасының басшысы, полиция подполковнигі Талғат Мендібаев алғы сөз сөйлеп, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, салада еселі еңбек еткен тәртіп сақшыларын, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлерді арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Мемлекеттік мейрам аясында жиналған қауымға Елбасы мен елордамыз – Астана туралы деректі фильмдер ұсынылды.Мерекелік жиын кең көлемді концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, қорытындыланды.