Шымкентте «Адал ұрпақ» мектеп клубының мүшелері «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды

77

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты шарасы өтті.

Салтанатты іс-шараға үлгілі тәртібі және үздік оқуымен ерекшеленген қала мектептерінің 500 оқушысы «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімінен өтті.
Іс-шара «Адал ұрпақ» мектеп клубы дабылшыларының өнерімен басталып, дабыл маршымен республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы әкелініп, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.

Жиында сөз сөйлеген Департамент басшысы Ә.Көмекбаев Елбасының салиқалы саясатының арқасында өскелең ұрпаққа үлкен көңіл бөлінетін тәуелсіз қазақ елі қалыптасқандығын жеткізді.

Болашағымыз өздеріңізсіздер, еліміздің тірегі болыңыздар деген Ә.Көмекбаев оқушыларды ұйымға қабылдануларымен құттықтай отырып, сабақтарын жақсы оқуға шақырды.

Қалалық білім басқармасының басшысы А.Абылайхан «Жас ұлан» ұйымдарына қабылданып жатқан үздік оқушыларды құттықтады.

Ұйымға қабылданатын барлық балалар «Қазақстан — Нұрсұлтан — Жас Ұлан» сөзін ұрандап, соңынан құрметті қонақтар, еңбек ардагерлері, мектеп директорлары, ата-аналар дабыл маршымен оқушыларға галстук тағу рәсімін жүргізді.
Жиын барша жасұландықтардың қатысуымен «Алға, «Жас ұлан» әнімен қорытындыланды.