Шымкентте «Медиацияны дамыту орталығының» жанынан бірыңғай қызмет көрсету орталығы ашылды.
Сотқа дейін және соттан тыс дау-жанжалдарды реттеуге бағытталған қызметтер кешенін ұсынатын бірыңғай қызмет көрсету орталығы қала тұрғындарына қызмет көрсетуді бастады. Бұл орталықта келушілерге кәсіби медиаторлар, заңгерлер, психологтар, педагогтар қызмет көрсететін болады.Еліміздегі «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мамандары Қазақстандағы медиация институтының өркендеуіне өздерінің үлестерін қосып, соңғы 4 жылда олар өңірлерде 40 мыңнан астам медиативтік келісімдерді жүргізуге аталысқан.
Жанар Есенбекова