Шымкент қаласының полицейлері дәріханаға қарақшылық шабуыл жасаған қаскүнемдерді ұстады. Желтоқсанның 15-нен 16-на қараған түні бетперде киген екі тұлға Шымкент қаласындағы дәріханаға қарақшылық шабуыл жасаған.
Шымкент қаласының полиция қызметкерлері медициналық бетперде киген, қара киімді екі белгісіз тұлға негізгі кіреберіс есігі арқылы кіріп, фармацевтке жәбір көрсете отырып, кассадан барлық ақшалай қаражатты беруін талап еткен. Қолайлы сәтті пайдаланып, фармацевт тығылып үлгерген. Содан кейін қаскүнемдердің кетуін күтіп, тез арада полицияға хабарлаған.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер қарақшылық шабуылға тағы екі тұлғаның қатысы барын анықтады. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жеткізілген»-деп хабарлайды Шымкент қ. ПД баспасөз қызметі.