Шымкентте экс-шенеунік 5 жылға сотталды

500

Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық сотының үкімімен экс-шенеунік және оның сыбайласы әрқайсысы 5 жылға темір торға тоғытылды.

«Д.М. Шымкент қаласының тұрғын үй инспекциясының басшысы қызметін атқарып жүріп, өзінің сенімді қатынастарын және материалды жағдайын пайдаланып, Г.С.- ны 10 320 000 теңге және 65 000 АҚШ долларын оған жер телімін алып беремін деп алдап алды деген айыппен құқық қорғау органдарына Г.С.-ның үстінен көрінеу жалған сөз жеткізген және материалды пайда көмек беруді уәде етіп,  айдап салу және заңсыз әрекеттерге итермелеп, көндіру, кеңес беру және ақпараттар берумен С.А. және Б.С.-ны көрінеу жалған айғақтар беруге итермелеген»-делінген Шымкент қалалық сотының ресми мәліметінде.

Әл Фараби аудандық сотының үкімімен Д.М. ҚР Қылмыстық Кодексінің 419-бабы 3-бөлігі, 28-бабы 3, 4-бөлігі, 420-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚК-ның 419-бабы 3-бөлігімен – 3  жылға бас бостандығынан айыру жазасы және ҚК-нің 28-бабы 3,4-бөлігі, 420-бабы 2-бөлігімен – 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

ҚР ҚК-ның 58-бабы 3-бөлігінің негізінде – онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, түпкілікті 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болды.

     А.С. ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді. Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.