Шымкентте су тасқыны қатерінің алдын алу шаралары пысықталды

535
Техника ТЖ дайын

Шымкент қалалық энергетика және  коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Бектұрсыновтың мәлімдеуінше, шаһарда  су тасқыны қатерін болдырмау мақсатында  орталық көшелер, үй аулаларына сметалық құжаттар әзірленіп, 14 мекен-жай, жалпы  ұзындығы 6088 ш.м су алудың алдын алу жұмыстары жүргізілген.

Игерілген қаржы 153,8 млн. теңге.  Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаланың орталық бөлігіндегі істен шыққан және жарамсыз ирригация жүйелеріне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қалалық бюджеттен 227,4 млн. теңгеге 10 көшеде жалпы ұзындығы 11,08 шақырым ирригация жүйелері ретке келтірілді.

Нұрлан Бектұрсынов, Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары

Нұрлан Бектұрсынов, Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары: «ЛТД Тұрмыс»  ЖШС -і тарапынан Қорғасын зауытының аумағынан өтетін жер асты қашыртқы кәрізін іске қосты. Түркістан-Қонаев көшелері қиылысына, Тәуке хан даңғылынан «Спартак» спорт кешені арқылы, А.Асқаров көшесіндегі «Шымсити» сауда үйі алдында, Б.Момышұлы «Ай» дәмханасы алдында қосымша лотоктар салынып, су айдау жұмыстары атқарылды».

Шымкент қаласында 2018-2019 жылға су тасқыны қатерінің алдын алу шаралары барысында Қошқар ата өзенінің соңғы  бөлігінде «Самал-3» шағынауданы Қобыланды батыр көшесі бойымен 750 метр арнасын бетонмен биіктету, 4 көпірді алмастыру жоспарланып, 530 метр биіктету, 4 көпірді алмастыру орындалды.

«Самал-2» шағынауданында «Нұрсат» шағынауданынан шығатын қашыртқы арықтың 60 м арнасын бетондап биіктету, 3 көпірді алмастыру атқарылды. Қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, өзендер мен каналдарды күтіп ұстау, арық-атыздарды, көпір өткелдерін қоқыстан тазалау  жұмыстарын атқару міндеті «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-іне жүктелген».

Толассыз  жауын-шашын  болған кезде «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і, «Бәйтерек ЛБ» ЖШС-і, «Югдорсервис» пен «Нұртау», «Жасыл қала» мекемелері қызмет көрсетеді.

Шынар Оразова