Шымкент қаласында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні 46 сәби дүние есігін ашты. Дүние есігін ашқан сәбилердің көпшілігі — ұл бала.
Мереке күні қалада 28 ұл бала және 18 қыз бала туылған. «Дүние есігін ашқан сәби мен аналардың жағдайы жақсы» дейді дәрігерлер. Мереке күні қуанышқа кенелген анасы мен сәбилері бүгін-ертең перзентханадан шығарылады. Аналардың басым бөлігі ұлдарына мерекенің құрметіне Нұрсұлтан есімін таңдапты.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жылына Шымкентте 27-28 мыңнан аса сәби дүние есігін ашады. Ал бір ғана перзентхананың өзінде 400-ге жуық сәби мерзімінен бұрын туылады. «Шалабайлардың» басым бөлігі ұл балалар.
Лаура Нақыпқызы