9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, 2018 жылдың 6 желтоқсан күні Шымкент қаласының орталық мешітінің имамдарымен кездесу өтті.
Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Шілманов, қалалық ішкі саясат жіне дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғ.Байсариев, Орталық мешіттің найб имамы Қ.Ерғазиев, имамдар мен мешітке келген азаматтар қатысты.
Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғамды тарту, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Кездесуді жүргізген Айбек Ақбергенұлы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою бойынша департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сонымен бірге, А.Шілманов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, адамның рухани-адамгершілік жағдайын қалыптастыруда, сонымен қатар адамдарда кез келген заң бұзушылыққа төзбеушілікке тәрбиелеуде дін өкілдерінің үлесі басым екендігін атап өтті.
Іс-шара барысында 7 желтоқсан күнгі жұма намазында қаладағы 104 мешітте тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылып, қала имамдары бірауыздан қолдау білдірді.
Іс-шара қатысушылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіруді бала кезден бастау қажеттігін айтып, мұндағы отбасының рөліне тоқталды.