Шымкенттегі ірі текстиль кәсіпорнына білікті мамандар қажет

429
elitar.kz

Үшінші мегаполистегі текстиль кластері дамып келеді. Дегенмен, кейбір кәсіпорындарда арнайы білімі бар мамандар жетісейді, деп жазады Elitar.kz.

Шымкенттік «Бал Текстиль» ЖШС фабрикасында қазіргі таңда 350 адам жұмыс істейді. «Бал Текстиль» ЖШС бас директорының орынбасары Бағдат Жүнісбектің айтуынша, арнайы білімі бар адамдарды фабрикаға қуана қабылдайды. Мекемеге текстиль өндірісінің мамандары қажет, ал қалада жастарға ондай білім беретін оқу орындары жоқ. Таяуда осы мәселені зерделеу үшін Шымкентке ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері келді.

«Қазіргі таңда бұл мәселе шешілуде, келесі жылы Шымкентте немесе Түркістан облысында текстиль өндірісіне қажет білім беру жобасы жүгезе асырылады деп сенеміз», — дейді Бағдат Жүнісбек.