Шымкентте медициналық ұйымдарда кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына бас дәрігер болып Амангелді Нұрлыбаев тағайындалды.
«Нұрсәт» шағынауданындағы перинаталдық орталығын Сәуле Дүйсебаева басқарады. Қалалық перзентханаға бас дәрігер болып Мадина Кенжебаева тағайындалды. Сондай-ақ, «Мейірім» балаларды оңалту орталығына бас дәрігер болып Эльмира Қожахметова жайғасты.
Ал №2 қалалық балаларды оңалту орталығын Айгүл Сапарғалиева басқаратын болды. «Бөбектер үйіндегі» бас дәрігер қызметіне Ғалымжан Айнабеков тағайындалса, №2 қалалық аурухананы Сәрсен Пернебеков басқаратын болып шешілді.
Лаура Нақыпқызы