Қаладағы Орынбай көшесінде тілсіз жау атақты саунаны күлге айналдырды. Орыс моншасы толығымен ағаштан тұрғызылған. Сол себепті де аз ғана уақыт ішінде өрт саунаны толығымен жоқ қылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға қалалық өртке қарсы қызмет орталығының қызметкерлері және 8 техника жұмылдырылды. Жедел жәрдем дәрігері моншаның бір қызметкеріне көмек көрсетті. Шошынып қалған қызметкерге жәрдем қажет болған.

Өрт сөндірушілердің тілсіз жауды тез сөндіруге кедергі келтіргені саунаның айналасын үш жағынан да жеке үйлер қоршап тұрғаны болды. Төтеншеліктер өзге үйлерге өрттің өтіп кетпеуі үшін барын салды. Оқиға орнында тиісті орган қызметкерлері жұмыс атқаруда. Шығын көлемі есептелінуде.

Ернар Балабеков