Қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен емхана дәрігерлері сауда орталығында қабылдау жүргізді. Бұл жолы ақ халаттылар «Мега Планет» ойын-сауық орталығына келушілерді ВИЧ инфекциясына тексерді.

«Мега» ойын-сауық орталығына келген қонақтар бұл күні ойламаған жерден дәрігердің қабылдауында болды. Солардың бірі Шымкент қаласының тұрғыны Баян Боранбаева. Зейнеткер немересін ойнатуға келіпті. Әжей немересін қыдыртып қана қоймай, қажетті маманның тексеруінен өтті.

Айта кетейік, бұл іс шара «Өз статусыңды біл» атты акция аясында өтуде. Шара барысында терапевт, дерматовенеролог, уролог, гинеколог, ЖИТС-тің алдын алу және оған карсы күрес орталығының мамандары тегiн кеңес беруде.

Ең бастысы ақ халаттылар экспресс-тест арқылы орталыққа келген тұрғындарды ВИЧ инфекциясына тексерді. Бұл әдіс арқылы дәрігерлер он бес минуттың ішінде статусын анықтап берді.

Сауда орталығында жүргізілген медициналық тексеру жұмыстары кезінде 100-ден аса тұрғын дәрігердің қабылдауында болған. Ал 50-ге жуық азамат экспресс-тест арқылы ВИЧ статусын анықтады. Жалпы мұндай инфекцияны анықтайтын тексеру жұмыстары 15 – желтоқсанға дейін өзге де қоғамдық орындарда өткізіледі.

Лаура Нақыпқызы