Шымкенттік дәрігерлер экспресс-тест арқылы тексерілуге шақырады

576

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай шымкенттік дәрігерлер экспресс-тест арқылы тексерілуге шақырады. Бұл әдіс арқылы дәрігерлер он бес минуттың ішінде ВИЧ статусыңды анықтап бере алады.

Профилактикалық тексеру жұмыстарын ақ халаттылар 4-желтоқсан күні қаладағы «Мега» сауда орталығында өткізбек. Сауда орталықта дәрігерлер бұл күні сағат 14:00-ден бастап қабылдау жұмыстарын жүргізеді.

Бұл іс шара «Өз статусыңды біл» атты акция аясында өтпек. Акция барысында терапевт, дерматовенеролог, уролог, гинеколог, ЖИТС-тің алдын алу және оған карсы күрес орталығының мамандары тегiн кеңес береді.

Медициналық тексеру жұмыстарынан өту үшін арнайы жолдаманың қажеті жоқ. Әрі профилактикалық жұмыстары тегін жүргізіледі.

Сондай-ақ, жастардын қатысуымен викториналык ойындар өткізіледі.

Лаура Нақыпқызы