Шымкенттік тәртіп сақшылары суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды

322

21 желтоқсаннан 22-не қараған түні Шымкенттегі Ж.Тоқаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан секірмек болған әйел туралы жедел басқару орталығына хабарлама түскен. 40 жастағы әйел осылайша өмірімен қоштаспақ болыпты.

Оқиға орнына 750 автоэкипаж құрамы жедел жетті. Санаулы минуттар арасында Қанат Бұсаханов басшылық ететін құрам әйелді құтқару операциясына кірісті. Тәртіп сақшыларының бірі әйелді райынан қайтармақ болып, сөзге айналдырып тұрғанда өзге құрам мүшелері үйдің есігін бұзып кіріп, ажал аранына аттанбақ болып тұрған әйелді құтқарып қалды.

Аталған операцияға сержант Сержан Абдулдаев және Мұратбек Ақманбетов қатысты. Жуырда ғана осыған ұқсас оқиға «Нұрсәт» шағынауданында орын алған болатын.