Мемлекеттік қордағы сыйлықтар

Жаңа жыл  мерекесі қарасаңында аумақтық және жергілікті атқарушы органдарының қызметшілері  азаматтармен табыс етілген сыйлықтарды Шымкент қаласының мүлік және жекешелендіру департаментіндегі арнаулы мемлекеттік қорға жаппай өткізуде.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Шілманов, қалалық мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы  А. Қарабалаев, қалалық әкім аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишев баспасөз-конференциясын өткізіп, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге  қызметі  үшін сыйлықтарды қабылдауына тыйым салынатынын жеткізді.  Және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар барысымен БАҚ өкілдерін  ақпараттандырды.

Айбек Шілманов, Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Айбек Шілманов, Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «Мемлекеттік қызметші табыс етілген сыйлықты жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға  өтеусіз тапсыруы керек. Бүгінгі күнге Қорға мемлекеттік қызметшілер өз еркімен 49 сыйлық тапсырды. Қызметін орындау барысында сыйақы алған мемлекет қызметшісіне 1 500 000 теңге мөлшерінде  айыппұл салынады. Қызметшіге  сыйлық берген азамат та жауапкершілікке тартылады-  200 АЕК 481 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Мемлекеттік қорға түскен әрбір зат есепке алынып, кейін аукционда сатылады. Қаржы республикалық бюджетке аударылады. Мемлекет қызметші  қаласа,  өзіне табыс етілген сыйлықты бөлшек сауда бағасымен сатып алуына  болады».

Мемлекеттік қордағы сыйлықтар

«Жоғарыда аталған келеңсіз жағдайларға тап болмас үшін әрбір қызметші қызметін адал, заң шеңберінде атқарғаны  абзал. Өйткені, өзінің жұмысы үшін қызметші жалақы алады»,-дейді  тиісті орган өкілдері.

Сыйлықтарды мемлекеттік қызметкер осы департаменттегі мемлекеттік қорға табыс етеді

Шынар Оразова