Табиғи  монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті өңірдегі субъектілердің тарифтерін төмендету мен уақытша өтемдік тарифтер енгізу туралы брифинг өткізді.

Бөлім басшысы Айсұлу Әлібекованың мәлімдеуінше  Түркістан облысы тұтынушылары -жеке тұлғалар  үшін  Жаңа жылдан бастап  электр жарығына тариф 6,8 пайызға,

жылу тарифі Шымкент қаласы тұрғындары үшін  -15,31 пайызға, Кентау қаласының тұрғындары үшін жылу  тарифі  -23,86 пайызға,табиғи газ  тарифі – халыққа 5,8 пайызға  төмендетілді.

Сумен жабдықтау және су  бұру саласы бойынша тарифтер 39 ТМС төмендетіліп бекітілді. Оның ішінде  базалық ТМС «Түркістан су МКК»сумен жабдықтау халыққа  тариф 7,45 пайызға төмендеді.

Департаментпен  коммуналдық  саланың проблемалық мәселелері бойынша Шымкент, Кентау, Түркістан, Сарыағаш, Сайрам мен Мақтарал аудандарында қоғамдық қабылдау  өткізілді.

Олардың негізінде  «Жылу» МКК, «Түркістан су» МКК,»ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС, «Кентау-Сервис» МКК мен «Ащысай су» МКК жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, қорытындысы негізінде 4 ТМС-ге әкімшілік өндірістер қозғалып, 6493,5 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Жоспардан тыс тексерулер мен ТМС-мен бірге бірнеше кездесулер өткізу барысында Департаментке 48 ТМС тарифтерді төмендету туралы Ережеге сәйкес  өтініммен шыққан. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде   тұтынушылар үшін тарифтер 3 пайыздан  15,31 пайызға дейін төмендеп, экономикалық тиімділік 1,15 млрд. теңгені құрады.

Баспасөз  мәслихаты барысында  тілшілер халықтың аманатын  департаменттегілерге жеткізді. Ол әр адамға  бекітілген 70 квт. электр энергиясын  екі есе көтеру, немесе мүлдем дифференциалды тарифті алып тастау және  қайта қосу үшін 978 теңге де қалтаны ұрады дейді тұрғындар.

«Елбасының өзі халықты  цифрландыру саясатын  қолдауға шақырып жатқанда  энергетиктердің  тарифті 6,8 пайызға  төмендетуі және  әр тұтынушыға  70 квт бекітіп , оны өзгертпей қатып  ұстап тұруы сын. Монополистер біздің арқамызда шалқып жүргенін ұмытпасын»,- дейді жергілікті тұрғындар.

Шынар Оразова