Түркістан қаласында «ақылды» орындықтар орнатыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». Әрқайсысы 170 мың теңге тұратын, 9 smart oryndyq шаһардағы халық көп жүретін рәміздер алаңы мен Есімхан алаңындағы арбатқа және «Парасат» саябағына қойылды.
Мұнда ешқандай электр энергиясын қолданбай-ақ, USB кабелі арқылы ұялы телефоныңызды қуаттап алуға болады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында орнатылған смарт-орындықтар күннен қуат алады. Мамандардың айтуынша, тұрғындар күтіп ұстаса, 15 жылдай пайдалануға болады.
Азамат Алтаев, инженер-технолог: «Мынау орындыққа отырсын, ал жанындағы күннен энергия алатын панелдің үстіне отырмауын сұраймыз тұрғындардан. Ұқыптылық пен тәртіппен ұстаса дейміз, себебі бұл да арзан дүние емес».