Тәуелсіздік күні қарсаңында таза ауыз сумен қамтылды

286

«Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Зағамбар елді мекенінің 4800 астам тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылды.

Ауыз суды тарату нысанының салтанаты ашылу рәсіміне  Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Бақытұлы Омарбеков және аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Хамзаұлы Қойбағаров қатысты.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында Зағамбар елді мекенінің тұрғындары сапалы ауыз су тұтынатын болды. Елдің игілігі үшін салынып жатқан нысандардың барлығы да елдің жағдайын көтеру, тұрмысын түзеу ел егемендігінің арқасында жүзеге асып жатыр», – деді аудан басшысы Б.Омарбеков.

Айта кетсек, кұрылыстың сметалық құны: 444,139 млн теңге. Мердігер мекеме: «Монолит-Дизайн-2030» ЖШС.

Тапсырыс беруші: «Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі