Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында балалар сыйлыққа қарық болды

508

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында балалар сыйлық алып мәз болысты. Абай ауданы әкімінің ұйымдастыруымен бүлдіршіндерге қайырымдылық жасалды. Мұқтаж отбасы балаларына киім-кешек үлестірген қайырымды жандар ел тарихындағы елеулі мереке қарсаңында салтанатты іс шара ұйымдастырды.

Жастарды патриоттық тәрбиеге баулитын концерттік бағдарлама жергілікті өнерпаздардың ән шашуымен жалғасты.

Бұқарбай Парманов, Абай ауданының әкімі: «Тәуелсіздіктің қадірін әрбір адам білуі тиіс. Жастар бұл күннің қадіріне жетіп, егемендігіміздің тұрақты болуына өз үлестерін қосуы қажет. Барлықтарыңызды Тәуелсіздіктің мерекесімен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!»

Тәуелсіздік күні қарсаңында ел егемендігі үшін елеулі еңбек еткен ерлер де елеусіз қалмады. Желтоқсаншылар мен үнемі қайырымды шаралардың басы-қасынан табылатын кәсіпкерлер бұл күні марапатқа ие болды. Аудан әкімі оларға ел алдында сый-құрмет көрсетті.

Мақпал Рысбаева