Елбасы Жолдауында «2020 жылға қарай қазақстандықтардың кем дегенде 30 пайызы бұқаралық спортқа тартылсын» деген бағдарламасы аясында 2018 жылдың 27 желтоқсан күні Төлеби ауданы Алатау шаңғы базасында тұңғыш рет «Тау самалы-Жан самалы» атты шаңғы фестивальі өтеді.
Төлеби ауданы әкімдігі ұйымдастырып жатқан айтулы шарада, қонақтар тау бөктерінің саф ауасымен тыныстап, түрлі ойын-сауықтар мен спорттық жарыстарды тамашалайтын болады.
Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған фестивальде қысқы спорт түрлері «Хоккей» ойыны мен «Мәнерлеп сырғанаудан», шанамен сырғанаудан, сноубордта сырғанаудан түрлі көріністер көрсетіледі.
Сондай-ақ, қонақтар қар атысы ойыны мен қардан аққала тұрғызу, «Салбурын» саятшылық сайысында бүркіт пен қаршығаға құс ілдіріп, түлкі салдырған саятшылардың сайысын тамашалайды.
«Тау самалы-Жан самалы» фестивалінде әйгілі өнер жұлдыздары мен ән-би ансамбальдері, кәсіби шаңғышылар өнер көрсететін болады.