Түркістан облыстық прокуратура ғимараты салтанатты түрде ашылды

478

Жуырда Түркістан облысы прокуратура ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Прокуратура күні мен органы құрылу мерекесіне орай, салтанатты жиынға облыс әкімі, прокурорлар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер кеңесінің өкілдері, прокуратура ардагерлері мен қоғамдық ұйымның белсенділері қатысты.

Іс-шара өтілетін күні, қонақтарға облыс прокуратурасының ғимараты және екі жаңа ғимарат Мақтаарал және Келес ауданы прокуратуралары ғимараттарының таныстырылымы өтті.

Еске салсақ, 19 маусымда Елбасы Жаңа облыстың құрылуы және оның орталығы Түркістан қаласы туралы тарихи Жарлыққа қол қойғанды. Бүкіл түркі әлемі мен қазақ хандығының ғасырлар бойы саяси және рухани өмірінің жүрегі болған Түркістан қаласын қайта жанғырту — шешімнің негізгі мақсаты болып табылады.

«Ендігі жерде, бірінші кезекте, Елбасының, Бас Прокурордың және халықтың білдірген сенімін ақтау қажет. Алдағы қойылған тапсырмалар мен мақсаттар жолында аянбай еңбек ете берейік!» — деді, өз сөзінде облыс прокуроры.

Сондай-ақ, облыс прокуроры ұжымға жылы лебіз білдіре келе, алдағы уақытта қойылған мәселелерге күш-жігер жұмсау қажет екенін атап өтті. Мерекелік іс-шара кезектен тыс сыныптық шен, ведомствалық төс белгі мен алғыс хаттармен марапаттаумен жалғасты.

Іс-шараға қатысушылар да прокуратура ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, заңдылықтың нығаюы істеріне сәттіліктер тіледі.
Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.

Түркістан облысының прокуратурасы