Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысы және Шымкент қалалық бокс федерациясының президенті Асқар Тұрысбековты «Құрмет» орденімен марапаттады.
Кәсіпкерлік саласы, мұнай газ және спорт саласының саңлақтарына мемлекеттік награданы Астанада Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев табыс етті.
Асқар Тұрысбеков күнгейдегі бокстың дамуына сүбелі үлес қосқандардың бірі. Ол өңірлік бокс федерациясының тізгінін қолға алғалы бері халықаралық аренада боксшыларымыз талай биіктерді бағындырды.
Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев, Ержан Жомарт және Жайна Шекербекова Түркістан облысы мен Шымкенттің атын ғана емес, әлемдік ареналарда еліміздің атын аспандатқан даңқты бокшыларымыз.
Екі боксшымыз әлемдік Олимпиада ойындарында алтын үшін айқаспақ. Қазақстанның көк туын желбіреткендердің қатарында жастарымыз да көп.