Түркістан облысында бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

357

Күні кеше Түркістан облысында төрт адам газдан уланып, көз жұмды деп хабарлайды Zakon.kz. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы ауылда 1960 жылғы, 1961 жылғы 1989 жылғы азаматтар газдан уланып, қайтыс болған.

«Шақырылған орынға келген авариялық бригада тексеріс барысында ас үйде «Очаг» маркалы жылу қазандығының орнатылғанын, ал жылу қазандығының мұржасы сырдың банкасымен жабылғанын байқаған. Мұржада тартқыш жоқ, жылыту қазандығының тартқыш сенсоры ажыратылған. Ал техникалық қызмет көрсету бойынша шарт жасалмаған. Жазатайым оқиғаның себептері анықталуда», — делінген хабарламада.
Одан бөлек, 18 желтоқсан күні Шымкенттегі Р.Зорге көшесінде №22 үйдің тұрғыны 36 жастағы азаматша газдан уланып, көз жұмған. Қазір оқиғаның мән-жай анықталуда.

Жалпы алған Түркістан облысындағы жылыту маусымында 32 адам газдан уланып, қайтыс болған. Олардың қатарында сегіз бүлдіршін бар.