Бүгін Түркістан қаласы Есімхан алаңында Түркістан облысында мемлекет тарапынан қолдау алған тауар өндіруші кәсіпорындар жобаларының көрмесі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков қатысып, облысымызда өндірілген бірегей өнімдермен танысты.
Көрменің мақсаты — өңірдегі тұтыну нарығын дамытып, оларға қолдау көрсету, халық тұтынатын тауарларға демонстрация жасау және оларды сату. Шараға аймақтағы 100-ден астам кәсіпорын қатысды.
Көрме барысында облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков жәрмеңкеге қатысқан ең үздік кәсіпкерлерді облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, касіпкерлердің жұмысына табыс тіледі.
Көрмеге келушілерге азық-түлік, өнеркәсіптік тауарлардың кең ассортименті ұсынылып, өнерпаздар мен аниматорлардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сонымен бірге, қонақтар арнайы ұйымдастырылған 500 адамға лайықталған палау тағамынан дәм татты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі