Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры тағайындалды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 14 желтоқсан 2018 жылғы бұйрығымен Серік Үмбетұлы Әбдиев Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметіне тағайындалды.
С.Ү.Әбдиев 17 қаңтар 1984 жылы Мақтаарал ауданында туылған. Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
Бұған дейін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған. Алдағы қызметіне сәттілік тілейміз!