Танымал скетчком Q-елi нің бесінші маусымы желтоқсаннан бастап эфирде

668
Танымал скетчком Q-елi нің бесінші маусымы желтоқсаннан бастап эфирде

«Жетінші арнаның» танымал жобаларының бірі Q-елi жаңа маусымда өз жалғасын тауып, 2 желтоқсаннан бастап эфирге шығады.

Q-елi – бұл бүгінгі қазақстандықтар прототип болып келетін кейіпкерлері бар бірегей әзіл-оспақты жоба. Еліміздің сан алуан аймақтарындағы өмірді бейнелейтін скетчком. Жоба төрт маусым барысында көптеген жұрттың көңілінен шығып, кейіпкерлері ел аузында жүр. Бұл кәдімді баршаға танымал Айнура Оффишл (инстаграмщица), анасына ерген Тайлақ, гаишниктер, павлодарлық жанұя, жас жұбайлар.

«Осы жобаны жүзеге асыра отырып қазақстандық телевизияға тың серпін бергіміз келді. Жоба жасаушылар алғаш келіп көрсеткен кезде-ақ біз сәтті жоба екенін түсінген едік. Өмірдің өзінен алынған сюжет болғандықтан кейбіреулер кейіпкерлерден өзін көре алады. Әрине, жанрдың талабына сай, кей жерлерінде әсірелеу бар,бірақ жалпы картина шынайылыққа мейілінше жақындатылған. Бесінші маусымда көрермендеріміз жаңа кейіпкерлермен танысып, ұнатады деген үміттеміз», — дейді «Жетінші арнаның» Бас Продюсері Вела Фидель.

«Жаңа маусымда бұрынғы актерлерден инстаграмщица Айнура бейнесімен көпшілікке ұнаған Анара Батырхан ғана бар. Бұл жолы Анара скетчте өзім сомдайтын Қылышбектің қызы «Балкон» бейнесінде шығады. Бесінші маусым туралы айтар болсақ, идеямыз- жаңа есім, жаңа кейіпкерлерді шығару, жаңа топпен жұмыс істей отырып Q-елi брендін сақтап қалу,-дейді жобаны жасаушы Мақсат Мамраимов. «Бұл да сол өздеріңізге таныс Q-елi, бірақ кейіпкерлері мен рубрикалары жаңа. Бұл маусымда, тұрмыстық тақырыптан өзге заманауи Қазақстан тақырыбы мен күнделікті көріп жүрген мәселелерді қозғаймыз. Мұндай тақырыптарды әзіл арқылы қозғау біз үшін соны жәйт, дегенмен ойға алғасын жүзеге асыра алдық. Ал енді жаңа кейіпкерлерге келер болсақ, олар да бұрынғылар сияқты көрермендерді баурап алады деп сенгіміз келеді».

Жаңа маусымда көрермендер көргенсіздікпен күресетін, қоғамдағы тәртіпсіздікке наразы влоггер «ЗБ»мен , қазақтың тойын жүргізіп жүрген жігіттер сияқты заманауи кейіпкерлерді көре алады.Қарапайым қыз Айсұлу мен оның жігіті Қылышбектің арасындағы типтік қарым-қатынасты тамашалап, жұмыссыз әкесі мен оның сүйікті қызының әңгімесін тыңдай алады. Сондай-ақ студент 2118 жылы Қазақстан Тарихы бойынша қандай сұрақтарға жауап беретінін біледі. Жаңа маусымда бой көрсетпеген актерлер мен кейіпкерлерді,Мақсат Мамраимовтың айтуынша,көрермендер көп ұзамай олардың жаңа жобаларынан көре алады.

«Біз жас жұбайлары бар жеке ситком түсіруді жоспарлап отырмыз және Жанар Айжанованың қатысуымен түсірілген танымал сериал «Тақиясыз періштенің» екінші маусымын шығарып жатырмыз. Сүйікті актерлеріңіз көрермендермен қоштасқан жоқ, олар өзге жобаларда бой көрсетеді, біз оларды «Жетінші арнаның» күзгі маусымына дайындап жатырмыз».