«Оңтүстік Рабат» газеті жуырда «Сені іздеймін» айдарын ашқан болатын. Жалғыздықтан жалығып, өмірлік жартысын табуды мақсат тұтқандарға арналған айдарға хабарландыру бермекті мақсат тұтқандардың қарасы көбейіп келеді.
Жуырда редакцияға арнайы ат басын бұрған зейнеткер өзінің идеясын арқалай келіпті. 15 – желтоқсан күні қаламыздағы дәмханалардың бірінде арнайы «Танысу кешін» ұйымдастырмақты құп көріпті.
Екі жарты, бір бүтін болмақты көздегендер аталмыш кештің қонағы болуына мархабат. «Сені іздеймін» атты танысу кешінің төрінен табылғыңыз келсе, редакцияға хабарласуға болады. Кеш бағдарламасында «Танысу тәтті шәйі», «Танысу вальсі» болады. Одан бөлек қызықты сәттер мен түрлі ойындар ойнатылады. Орындарға алдын ала тапсырыс беру қажет.
Ендеше, Шымкент қаласы, Желтоқсан (Долорес) көшесі,269 үй, «17 регион» дәмханасына келіңіздер.
Орындарға тапсырыс беру үшін: 8 701 642 96 17,
8 702 780 22 42 нөмірлеріне хабарласуға болады. Орындар шектеулі.
Сондай-ақ, «Оңтүстік Рабат» газетінің «Сені іздеймін» айдарына хабарландыру бергіңіз келсе: WhatsApp +7707 753 54 17 хабарласыңыз.